Қазақ поэзиясының Құлагері
«Дала» (1930), «Күй» (1929), «Күйші» (1934), «Құлагер» (1936), «Көбік шашқан», «Жорық» поэмаларының авторы, қазақ ақыны, драматург, журналист, қоғам қайраткері және Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы – Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл.
Ілияс Жансүгіров – 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысы (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) дүниеге келген. Алғашында әкесінен, ауыл молдасынан сауат ашқан. Ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітірген. Ілияс балалық шағында Жетісудың ең көрнекті ақындары Сүйінбай мен Күнбаланың, Әсет пен Ырысжанның, Біржан мен Сараның арасындағы ақындық сайыстарды зерттеген. Шын мәнінде ол қазақтың ақындық өнерінің қазыналы қойнауына еніп,нәрімен сусындаған. Поэзиясы 1912 жылдан бастау алған.
1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оқуды бітірген соң «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
*1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
*1926-1928 ж.ж Мәскеудегі Журналистика институтында білім алады.
*1934 жылы 1- съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланады.
*1934-1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
1927 жылы «Беташар» деген тұңғыш өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шықты.
Романы: «Жолдастар»
Пьесалары: «Кек», «Түрксіб», «Исатай – Махамбет».
Ілияс Жансүгіров 1937 жылы 13 тамызда репрессияға ұшырайды.
1938 жылы ату жазасына кесілген.
1958 жылы ҚазақКСР жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталады.
«Ілияс Жансүгіровтың ірі поэмалары – «Дала», «Күйші», «Құлагер». Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы да аса биік ірі сапа табады».
(М.Әуезов)
«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі».
(Ә.Тәжібаев)
«Ілияс Жансүгіров – өртеңге шыққан құдыретті өрт ақын. Ақындық бауырын Құлагерше жазып үлгере алмай, Құлагерше қапыда опат болды».
(С.Әшімбаев)
Ілияс Жансүгіров – «Қазақ поэзиясының – Құлагері».
(М.Қаратаев)
«Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І.Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады».
(Қ.Жұмалиев)
Ілияс Жансүгіров есімі ұмытылмайды, оны мақтан тұтамыз, өзгелерге үлгі етеміз. Нағыз ақын үшін ең үздік марапат осы емес пе?!
Жазып алған:
САТЫБАЛДЫ Диас Сатыбалдыұлы
Абай атындағы РММИ, 11 сынып оқушысы.
Алматы қаласы