«Журналистика әлемінің сұлтаны»
Қазақ спорт журналистикасының үздігі, публицист. Әңгімелер мен повесть жинақтарының авторы. «Қазақстан пионері» және «Лениншіл жас» газеттерінің редакторы – Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына 91 жыл.
Сейдахмет Бердіқұлов – 1933 жылы 9 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан жаңалыққа құмартып, ерекше сезімталдықпен қызығушылықпен өскен. Спорттық және көркем гимнастиканың, футбол мен бокстың, басқа спорт түрлерінің қыр‐сырын мықты білген. Әр жазбасын жұрт асыға күтетін, жарыса оқитын. Өйткені ол әр мақаласына жанын салған. Спорт жан құмары болған. Сейдахмет Бердіқұлов барлық байрақты бәсекелердің қазақ спорт тарихындағы маңызды оқиғалардың басы қасында жүрген. «Жалын» және «Балауса» баспаларын басқарды. Қазақстан спорт журналистері Федерациясының тұңғыш төрағасы. КСРО «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
1956 жылы ҚазМу -дің журналистика факультетін бітірген. Шығармалары:
- «Сол орамал жоғалмайды» (1965)
- «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1966)
- «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1968)
- «Егеулі найза» (1969)
- «Аспаннан шұға жауған күн» (1975)
- «Мұңайып оянған қала» (1979)
- «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987)
- «Миллионер өкінген түн» (1991)
Сейдахмет Бердіқұлов 1994 жылы 26 маусымда дүниеден өтті. 61 жасында ауыр дерттен көз жұмды.
«Тағдырдың бұйрығымен ол қазақ спорт журналистикасының тізгінін ұстап, көшін бастады».
Несіп Жүнісбайұлы
«Тақырып қоюдың керемет шебері болатын. Дәл Сейдахмет секілді тақырып қоятын редакторды мен Қазақстанда көрген жоқпын. Оны барлық қазақ мойындады».
Қыдырбек Рысбекұлы
«Ол ерекше жазатын,сөз саптауы,тілі,ақпаратты талдауы мен беру тәсілі – ешкімге ұқсамайтын. Әлі күнге дейін спорт тақырыбында ол сияқты ешкім жаза алмайды».
Әдеби сыншы Қуанышбай Құрманғали
«Сейдахмет Бердіқұловтың балалық шағы қиындыққа толы. Бұл туралы өзі талай жазған. Өкінішінің өзегі – әкесі. Ол қызыл террордың қанды құрығына ілінгендердің бірі еді».
Айгүл Ниязқұлова
«Сейдахметтің сүйіспеншілігіне бөленіп, көзін көргендер оны ешқашан ұмытпайды. Оның жарқын бейнесі – біздің мәңгі жүрегімізде».
Журналист Федор Игнатов
«Нағыз адамдық,азаматтық мінезі Сейдахметтің қаламынан да,адамгершілік санатынан да көрінеді. Сейдахмет Бердіқұлов жазып шығарған кейіпкерлер мінезінде адамдық ар мен абырой,намыс пен сенім басым екенін көріп жүрміз».
Әбдіжәміл Нұрпейісов
«Әкемнің өте жақын достары Шерхан Мұртаза атақты ақын Тұманбай Молдағалиев болды. Олар бір — бірін қатты құрметтейтін».
Шынар Бердіқұлова (қызы)
Сейдахмет Бердіқұлов естелігінен:
«Спорт журналистикасына арнаған ширек ғасыр ғұмырымда көптеген елдерде болдым. Лондонда, Нью – Йорк,Мехиконы көрдім. Қызуқанды оңтүстік америкалық жанкүйерлерді, әйгілі Лев Яшинмен кездестім. Футболдың королі Пелемен таныстым. Осыншама әлемге әйгілі жұлдыздармен жүздесуге мүмкіндік берген – спорт. Мен оған мәңгілік борыштармын».
Жазып алған:
Диас САТЫБАЛДЫ
Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық
мамандандырылған дарынды балаларға
арналған мектеп – интернатының 11 — сынып оқушысы
Дереккөзі: суреттер – «Қазақ үні»;
youtu.be; kk.m.wikipedia.org