«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Оқиға

БӘЙГЕ!

Абай Құнанбаев:
«Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

Достар!
Биыл дара Абайдың, һакім Абай атамыздың 175 жылдығы. Маусым айының 23- і күні Республика көлемінде аталып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығына арналған ақын өлеңдерін оқу эстафетасына Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу қолдау білдіруде. Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен барлық өңірдегі этно-мәдени
бірлестіктер бұл акцияға бірден атсалысып, жұмыла жалғастырып әкетті. Біздің оқырмандарымыз да осынау эстафетаны жалғастырып, шығармашылық аламанында танылсын деген ниетпен бәйге жарияладық. Абай өлеңдерінен ғибрат алып, Абайдың «Қара сөздерімен» сусындаған жастарымыздың алар тағлымы рухани жандүниелерін байыта бермек. Балалар мен жасөспірімдердің де айтар ойлары, пікірлері мен армандары бар. Олардың қай-қайсысымен тілдессеңіз, өмірін туған жері мен халқына, болашақта Тәуелсіз елімізге адал қызмет етуге арнамақ. Осынау Ұлы жолда Абай өлеңдері ұлдар мен қыздарымызға шам-шырақ болып, биіктерге жетелесін дейміз!

Бәйгенің сыйлықтары:
Бас бәйге– ноутбук
І орын – 2 ұялы телефон
ІІ орын – 3 планшет
ІІІ орын– 4 шаңсорғыш.
«Ынталандыру» сыйлығына– 50 орын

 

БӘЙГЕНІҢ ШАРТТАРЫ:
1. Абай атамызға арналған шығармалар: эссе, өлең, шығарма жазу. Шығарма көлемі 4-5 бет.
2. Шығарма биылғы жылғы қыркүйектен басталып, келесі 2020 жылдың наурыз айына дейін жалғасады.
3. Бәйгеге қатысуға ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер «Farabi shàkirti» журналына
жазылып, шығармамен бірге түбіртектің көшірмесін жібереді. Осы орайда, ата-ана баласы бәйгеге
қатысатын болса, журналға 12 айға толық жаздырып береді деген ойдамыз.
4. Шығарманы конвертпен «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелері арқылы жолдауға болады.
5. Farabi shàkirti@mail.ru электронды поштасына сал.

Бәйгеге келген шығармаларды сараптайтын алқа құрылды.
Редакцияның мекенжайы:

050034, Алматы қаласы,
Райымбек батыр даңғылы, 208А, 313 офис.
Тел.:+7 701 730 9312
E-mail: farabi_shakirti@mail.ru

 

Ұйымдастыру алқасы

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстауда бұзақылық жасаған баласы үшін анасы 374 мың теңге айыппұл арқалады

Жақтауда темекі шегіп отырған

farabi shakirti shakirti

Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені үшін жазаланды