«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Планета

Түннің көркем заңғарлары

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Мен үшін әлемдегі ең әдемі мінсіз сұлулық- ол түнгі аспан әлемі. Есімді  білген шақтан бастап ай мен жарқыраған жұлдыздарға қарағанды қатты ұнатамын, ал түнгі қою көк аспан сол сұлулықты одан әрі анық әрі көркем етіп көрсететіндей.  Әр кезде кеш батқан сайын ай мен жұлдыздарға қарауды әдетке айналдырғанмын. Тіпті балалық шағымда, «Балапан» телеарнасынан көрсететін «Питерпэн» мультфильмін көріп, жұлдыздар ішінде әлем барына бар жүрегіммен  сеніп, өз өмірімді тастап сол әлемге кеткім келетін.

Бұл ертегіге толы оқиға менің армандарымды одан әрі асқақтататын. Ал орта сыныптарға келгенде кітап оқып, сол кітаптардың ішінде қазақтың үздік жазушысы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне»  шығармасы менің жүрегімнен ерекше орын алды. Өйткені, басты кейіпкер Ләйләнің ішіндегі бар мұңын өз жақындарына емес айға сенуі, тіпті өмірмен қоштасар сәтінде де жаныңдағы мейрімсіз жандардан көңілі қалып, айға өз сырын айтып өмірден қоштасқан сәті, менің көңілімді босатты.

Адам адамнан көңілі қалған кезде тірі жанға емес, тілсіз дүниелерге сенеді. Кішкентай кезімде ата-анама, мен адам емес ай мен жұлдыз болғым келеді деп айтатынмын, сол кезде олар маған: «Қызым шын мәнісінде адам болған әлдеқайда бақыт! Себебі, аспандағы әлем өз сұлулықтарын көре алмай, өз армандарына әрекет ете алмай өтеді дейтін.

Мен бұл сөзді енді түсінгендеймін, кейде біз өзімізге берілген мүмкіндіктер мен ғажайыптардың қадірін түсінбей, өзгелерге қызығып жатамыз.

Сондағы түйін нағыз маған берілген бақыт ол ай немесе жұлдызға айналуым емес, сол түннің көркем заңғарларын көре алатын, көзім мен денсаулығымның сау екендігі және  ішкі сезімдерімнің бай болуында!

КҮНТУҒАН  Сүйрік  Рысханқызы,

 Шымкент қаласы,

«Д.А.Қонаев» мектебінің

11 «А» сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы мен

www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Алманың отаны – Қазақстан

farabi shakirti shakirti

«Ұлы Жібек» жолы бойында

farabi shakirti shakirti

ГАМБУРГ – көпірлері көп қала