Облыс әкімі мемлекеттік награда иеленген педагогпен кездесті

Қызылорда облысының әкімі ӘБДІХАЛЫҚОВА Гүлшара Наушақызы Президент Жарлығымен берілген «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті наградасын иеленген педагог Жәмилә Әбжанмен кездесті. Аймақ басшысы педагогика саласында тұңғыш рет берілген құрметті атақты облыс ұстаздарынан алғаш болып иеленген ауыл мектебінің мұғалімі Жәмилә Әбдінағиқызын құттықтап, мемлекет тарапынан ұстаздарға қолдаудың жоғары екенін айтып, айрықша құрметін жеткізді.

– Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сындарлы сәтте ешбір қиындыққа мойымай, балаларға үздіксіз, сапалы білім беруде педагогтардың еңбегін ерекше айтуға болды. Облысымызда ұстаздық ұлы жолды мұрат еткен, шәкірт тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңіріп, педагогика саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздар жетерлік. Жәмилә Әбдінағиқызы, мемлекеттік наградаңыз құтты болсын! Республикадағы ең үздік мұғалімдер қатарынан көрінуіңізбен. Бұл марапатыңыз білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестеріңізге, жас педагогтарға ерекше сенім мен жігер береді деп сенемін, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Жәмилә Әбдінағиқызы – Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектепте педагог-зерттеуші, бірінші деңгейлі ағылшын тілі пәні мұғалімі. «Білім Беру Ісінің Құрметті қызметкері», Облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, республикалық Білім Академиясының Құрмет грамотасы, халықаралық АКСЕЛС қоғамының Құрмет грамотасының иегері.Шәкірттері халықаралық АКСЕЛС қоғамы ұйымдастырған сайыстың жеңімпазы ретінде АҚШ-та білім алуда. Мұнан бөлек, бірқатар оқушылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінде білім игеруде. Оқушылары ҰБТ көрсеткіші бойынша жыл сайын жоғары балл жинап, мемлекеттік грант иегері атануда. Жәмилә Әбдінағиқызы – Америка Құрама Штаттарының елшілігі мен Қазақстан Білім Министрлігі ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сайысында жүлдегер атанып, АҚШ елінің ұстаздарымен тәжірибе алмасуға жолдама алған ұстаз.

2020 жылы Америка Құрама Штаттарының елшілігі және Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы ұйымдастырған ауыл мектептеріне арналған семинарда үздік кәсіби шеберлік танытқаны үшін жұмысы өте жоғары бағаланған. Республикалық педагогикалық басылымдарда еңбектері жарияланған «Үздік Ұстаз», «Үздік авторлық бағдарлама» номинация иегері.

Қызылорда облысы әкімінің Баспасөз қызметі,

25 наурыз 2021 жыл.

«Елбасы медалі» табысталды

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының әкімі САТҚАНОВ Миржан Мұнайдарұлы «Елбасы медалінің» қола жүлдегерін марапаттады. 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған бұл жоба жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.
Осы жоба аясында 6 ай бойы «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Дарын мен дағды», «Волонтерлік іс», «Спорт» деген 5 бағыт бойынша жұмыстанып, керемет нәтиже көрсеткен Бумакөл мектеп – бөбекжай-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Қайырбекова Наргиз «Елбасы медалі» жобасының қола медалімен және төс белгісімен марапатталды.

Жеңісің құтты болсын, Наргиз! Биіктерден көрінуіңе тілектеспіз!