«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Республикалық орындаушылар конкурсы

Қазақстанда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық орындаушылар конкурсы – жас музыканттардың шеберлігін шыңдап, шығармашылық тәжірибе алмасуына жол ашатын маңызды мәдени іс-шаралардың бірі. Биылғы конкурс ерекше форматта ұйымдастырылып, еліміздің үш ірі музыкалық колледжінде өтті.

Атап айтқанда, байқау Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық унивенситетінде «Шабыт», П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, сондай-ақ Шымкент қаласындағы музыка колледжінде және Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан музыкалық колледжінде ұйымдастырылды. Бұған дейін бұл конкурс дәстүрлі түрде «Шабыт» университетінің қабырғасында өтетін. Ал биыл байқаудың бірнеше қалада өтуі оның ауқымын кеңейтіп, қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлады.

Конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі барлық музыкалық колледждердің студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Шығыс Қазақстан өңіріндегі кезең “Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» колледжінде өтті.

Байқаудың ашылу салтанаты мен жеребе тарту рәсімі 20 сәуір күні ұйымдастырылса, 23 сәуірде жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл күндері жас орындаушылар сахнада өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби қазылар алқасының бағасына ие болды.

Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынады: домбыра, қобыз-прима, қобыз, фольклорлық аспаптар, фольклорлық ансамбль, шертер, бас-домбыра, домра, баян және аккордеон. Әр номинация ұлттық және классикалық музыка дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған.

Бұл конкурс тек жарыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу алаңы болып табылады. Жас өнерпаздар өзара танысып, жаңа шығармашылық идеялармен бөлісіп, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік алады. Мұндай іс-шаралар ұлттық музыкалық мұраны насихаттауға және болашақ кәсіби музыканттарды қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

САЙРАНБЕК   Мөлдір,

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы  Өскемен қаласы бойынша

білім бөлімінің  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы.

Курс   жетекшісі: Құдайберген Саяжан, журналист.

Суретті жолдаған: автор

 

Сәйкес жаңалықтар

Арманым-адастырма!

Поэзия падишасы — Фариза

Жастарға берілер ең қымбат мұра – тәлім