Тәуелсіздік

Мен үшін еліміздің тәуелсіздігінің мәні өте зор. Себебі бұл бізге ащы термен келген тәтті жеміс. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы алдық. Тәуелсіздік үшін қаншама қазақ жастарының өмірі қиылды. Олардың басты мақсаты қазаққа тәуелсіздік алып беру, әлемге, тарих сахнасына қазақ деген ұлттың, тілдің, жердің бар екенін көрсету болғандығы бәрімізге мәлім. Тәуелсіздікті алуға қазақ жастары ұранмен аланға шығады. Бұл оқиға тарих сахнасында «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды. Бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарын аяусыз соққыға жығып, суық суды үстеріне шашып, итке талатқызып тастайды. Қайсар да, намысшыл қазақ жастары алған беттерінен қайтпай тек алға жылжумен болды.

Тәуелсіздік — бұл баға жетпес байлық. Ата — бабаларымыз бізге осынша кең байтақ жерді білектің күшімен найзаның ұшымен алып берді. Осы оқиғадан кейін КСРО да тоқырау жылдары басталып әр ұлт өздерінің тәуелсіздігін алып, КСРО құрамынан шыға берді. Солардың бірі болып бізде 1991 ж 16 — желтоқсан «Қазақстан Республикасы» болып жарияландық. Алғашқы президентіміз, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 97,5% дауыспен сайланды. Н. Ә. Назарбаев: қазақтың тарихында, қазақ ұялатындай ештеңе жоқ». Желтоқсан оқиғасының құрметіне Алматы қаласында жастар алаңында ескерткіш қойылған.

Расыменде қазақтың тарихында біз ұялатындай ештеңе де жоқ. Тарихта болған 1916 жылғы  ұлт — азаттық көтерілісте, желтоқсан көтерілісі де тәуелсіздік, егемендік, еркіндік үшін болды. 1991 жылы  Тәуелсіздігімізді алып өз ұлттық рәміздеріміз — Туымызды, Әнұран мен Елтаңбамызды  өмірге әкелдік.  Шекарамызды  бекіді. Әр үлттың тарихы — бір кітап.

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 31 жыл толып отыр.Т әуелсіздік бізге ащы термен келген  екендігін ұмытпаған жөн.

 

ЖАМБЫЛ Адэля Нүркенқызы,
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы
үш тілде оқытылатын дарынды балалар
мектеп — интернатының оқушысы