Экология – біздің планетамыздың тазалығы
Оған Қазақстанның әр азаматы атсалысуға міндетті.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасының Президенті
«Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек».
Мемлекет басшысы Президент қызметіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінен кейін көп кешікпей елімізде жаңа министрлік құрылды. Ол – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі деп аталады.
Мені еліміздің болашағы толғандыратын мектеп түлегі ретінде экология мәселесі мені бей-жай қалдырмайды. Әлемдік ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, экологиялық мәселелер күннен-күнге нашарлап барады. Экологиялық проблема қайдан пайда болады? Ауаның, судың, жер ресурстарының ластануы; азон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, жанғыш заттардың жануы; әлемдік мұхит проблемалары; аймақтық экологиялық проблемалар – ормандардың азаюы, шөлейттену, өнеркәсіптік қалдықтар, қала экологиясы бүгін — адамзаттың басты проблемасына айналды.
Қазақстан – мәңгі Отаным деп жүрегі соғатын әр адам, отбасы, ұл – қыздарымыз, жастар қай жерде жүрмесін тазалық сақтауды ұмытпауы керек. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау өзімізден басталуы керек. Айталық, оқушылар мектептің айналасын, көшені, ауласын таза ұстауға тырысқаны абзал. Қала көшелеріндегі арықтарда толып жатқан пластик бөтелкелер, целофон қаптар, қағаз қалдықтарын тастаудан аулақ болуға міндеттіміз.
Экология (лат. оіkos — үй, баспана; logos — ілім) — жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер, қауымдастықтарының, экожүйелердің, био-сфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. .[1]
Экология терминін 1866 жылы ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель.
Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. ІХ ғасырдың аяғы, ХХ — ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология .[2]
Оларға қысқаша тоқтала кетейін.
- Әлеуметтік экология— табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын «табиғат — адам — қоғам» жүйесі негізінде зерттейді.
- Өнеркәсіптік экология— өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
- Геоэкология— жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.
- Инженерлік экология – қоршаған орта сапасын дамыған өнеркәсіптік өндірістің әсерінен сақтауға бағытталған ғылыми дәлелденген инженерліктехникалық шаралар жүйесі болып табылады. [3]
- Ауыл шаруашылығы экологиясы— ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
- Ғаламдық экология— биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, мәселелері экологияның нашарлануына әкелуде. [4]
Мені толғандырған экология мәселесі туралы ой айту үшін көптеген зерттеулер туралы оқып, шықтым. Содан мен келешек ұрпақтарымыз бен біз қандай әлемде өмір сүреміз деп ойладым. Еліміздің жасыл желегін сақтап қалып, түрлі тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын суларды да арнайы арнаға бұруға атсалысу – мемлекет деңгейінде шешілетін мәселе. Ауаның ластануына бірден – бір себеп, қалаларда автокөліктердің техникалық жағдайын реттеу, яғни қою түтін шығаратындарын қалаға кіргізбеу. Қыс айларында көп пәтерлі үйлерді жылытатын жылу қазандықтарына пайдаланатын кокстың орнына, еліміздің барлық аймақтары газбен қамтылуы тиіс. Бұл ретте, еліміздің көптеген елді мекендерінің тұрғындары газбен қамтылды. Қоғамдық көліктер мен жекеменшік автокөліктерге біртіндеп газбен жүруге ауысуда. Бұл да экология таза қалпында сақтаудың бір амалы.
Алматы қаласының ауасы қазіргі таңда күрт нашарлауда. Жалпы барлық проблеманы адамның қолынан жасалады, сондықтанда гүл қала Алматымызды жаңғырту өз қолымызда. Меніңше бұл үшін көптеген волонтерлық ұйымдар ашу керек, барлық әкімшілік мекемелерде 2 аптада бір “сенбілік” жасау қажет. «Жасыл экономика» бағдарламасының дамуына әркім өз үлесін қосқаны абзал.
ОТЫНБЕКОВА Айша,
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№204 мектебінің
11”А” сынып оқушысы.
Дереккөзі: «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы[1], [2], [3], [4].